Біз таңғалдыратын және қуанышты сәттер сыйлайтын функционалды және пайдалы жұмыс орындарын жасауға тырысамыз. Бұл – жалпы адамзатты ескере отырып, өзімізді қызықты, қуатты және жайлы сезінуге көмектесетін болмашы үшінші өлшем. Өнер – гуманистік элементпен байланыс орнатудың қызықты жолы. 2010 жылдан бері біз Google-да бірнеше өнер бағдарламасын құрдық, соның ішінде ішкі "GoogleArts" бағдарламасы, "Google Arts & Culture" бастамасы және "Artist in Residence" бағдарламасы бар.
Google Visitor Experience орталығындағы (Google-дың жаңа Gradient Canopy кеңсесінде орналасқан) арнайы қоғамдық өнер бағдарламасы осы ой өрісін Маунтин-Вью қауымдастығына бағыттайды. Ашық алаң мен жаяу жүргіншілер жолдарына алты өнер туындысы қойылған. Олар Google Visitor Experience орталығын әсерлі әрі жайлы етіп көрсетеді.
Алыс-жақыннан келген суретшілердің қолынан шыққан әрбір өнер туындысы өз орындарын дәл тапқан. Туындылар орналасқан ғимараттың жанына жиналып, ойын ойнап, жақсы уақыт өткізуге болады. Сонымен қатар өнер туындылары Gradient Canopy ғимаратының қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларын орындау және қауіпсіз материалдарды пайдалану талаптарына сәйкес келеді. Себебі әрбір өнер туындысы Қызыл тізімге енбеген материалдардан (яғни адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зияны жоқ заттардан) жасалған және қалдықсыз өндірісті қолдайды. Ғимараттың іші-сыртындағы материалдар сияқты, бұл өнер туындылары да Gradient Canopy кешенінің Living Future Institute (ILFI) ұсынған Living Building Challenge (LBC) жобасының Materials Petal сертификатын алуына өз үлесін қосады.
Gradient Canopy ғимаратындағы қоғамдық өнерді концептуализациялауға келгенде, біздің мақсатымыз сыртқы кеңістікті зерттеуге және қайта оралуға итермелейтін орынға айналдыратын тартымды, таңғаларлық өнер туындыларын табу болды. Қысқасы, мұражайдағы өнер туындыларына ұқсамайтын туындыларды көргіміз келді. Олардың Невада шөлінде жыл сайын салынатын уақытша Блэк Рок Сити қаласында өтетін, өзінің әсерлі, көркем инсталляцияларымен танымал Burning Man іс-шарасындағы туындыларға ұқсағанын қаладық. Біз қоғамдық өнер туындысын жасауға көмектесетін серіктес іздеп, қауымдастыққа тиесілі өнер туындыларын таңдауға жетекшілік ететін коммерциялық емес Burning Man жобасына жүгіндік. Burning Man жобасының қауымдастықпен жұмыс істеуге деген шын ниеті біздің мақсатымызға сәйкес келеді. Ол мақсатқа интерактивті, біріктірілген және шығармашылық көріністің ортақ тәжірибесін ұсынатын қоғамдық өнер жасау жатады.