Кеңістік құру

Designing vibrant places that respond to their local context and create benefits for everyone.

3 минут

Gradient Canopy ғимаратындағы қоғамдық алаң көрсетілген бастапқы рендеринг.

Bay View және Gradient Canopy ғимараттарын сала отырып, экологиялық дизайн саласында жетекші рөл ойнайтын және жергілікті қауымдастықтар мен Google үшін өзара тиімді болатын әсерлі әрі жайлы орындар жасағымыз келді. Кез келген жағдайда әрдайым қайырымды көрші болуға тырысамыз. Сол себепті де Gradient Canopy ғимаратын салу кезінде көршілерге, келушілер мен Googler қызметкерлеріне арналған инклюзивті және тартымды қоғамдық орындарды жасауға көңіл бөлдік. Біз үздік жұмыс орындарын жасап қана қоймай, жергілікті қауымдастықтардың дамуына мүмкіндік беретін өзара әрекеттестіктің жаңа жолдарын құрдық.

""Бұл орындар келген әр адамға экологиялық және әлеуметтік жағынан қалай оң әсер ете алады деген сұрақ туындайды.""

– Джо Ван Беллехем, Google-дың жаһандық даму жөніндегі бас директоры.

Gradient Canopy ғимаратын жобалау барысында оны қоршаған ортаның фонымен ұштастыруды мұқият ойластырдық. Ғимараттың айналасында және ауданы 7,3 гектар жерде велосипедпен және жаяу жүретін жолдары бар Green Loop атты арнайы орын әзірленді. Онда адамдар жергілікті ландшафттық дизайн мен ғимараттың көпшілікке қолжетімді жерлерінде тұрған өнер туындыларын тамашалай алады.

Ғимарат батыс жағында іргелес орналасқан Чарлстон саябағына қарайды. Онда келушілер Google Visitor Experience орталығына кіре алады. Орталықта әр адам өзіне ұнайтын нәрсемен айналыса алады. Кафеде достармен кездесуге, Huddle кеңістігінде іс-шараға қатысуға, Google Store дүкенінде ұсынылған өнімдермен және қызметтермен танысуға, Pop-Up дүкенінде жергілікті компаниялардың тауарларын табуға немесе өнер туындылары бар және жоспарланған іс-шаралар өткізілетін плазада қызыққа батуға болады. Huddle жергілікті коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдарды ерекшелейтін түрлі іс-шаралар мен семинарлар өткізеді. Оған қоса, Маунтин-Вью кешені мен ауқымды North Bayshore төңірегіне арналған қоғамдық торап қызметін атқарады.

Осындай ішкі қоғамдық орындар сырттағы үлкен плазамен байланысады. Бұл плазада төңірек тұрғындары үшін іс-шаралар ұйымдастырып, олар мен Googler қызметкерлерінің маңызды қарым-қатынас орнатуына жағдай жасаймыз. Сондай-ақ плазада алты өнер туындысы бар және демалып отыруға болатын орындар көп.

Маунтин-Вью фермерлік базарындағы қайнап жатқан өмір.

North Bayshore төңірегінде адамдардың қозғалысын жақсарту үшін Маунтин-Вью қаласының әкімшілігімен бірге Чарлстон транзиттік дәлізін салудың алғашқы кезеңін аяқтадық. Аталған дәліз қоғамдық көлікті қолдануға, велосипедпен жүрушілер мен жаяу жүргіншілердің жолдағы қауіпсіздігін күшейтуге және North Bayshore төңірегінде көліксіз оңай жүріп-тұруға мүмкіндік береді. Gradient Canopy жобасының аясында кешенге жақын орналасқан Чарлстон жолында екі транзит орталығы салынды. Осы нысандар, сондай-ақ жоспарға сәйкес Чарлстон жолы мен Shoreline желекжолында салынатын тек автобус қозғалысына арналған жолақтар аймақтағы транзит мүмкіндіктерін көбейтеді.

Чарлстон транзиттік дәлізінде әлемдік деңгейдегі велосипедпен және жаяу жүруге арналған жолдар да бар. Соның ішінде IV класқа жататын бөлек веложолдар болады. Ғимараттың іші 780-нен астам велосипед қоятын орынмен, велосипедті сақтау камераларымен және душ бөлмелерімен жабдықталған. Сондықтан "екі дөңгелекпен" жүруге кеңес береміз.

Оқырмандарға арналған ескертпе: бұл мақала алғаш 2022 жылдың мамырында жарияланып, 2023 жылдың тамызында жобаға қатысты соңғы мәліметті ұсыну үшін жаңартылды.