Google-дың негізі қаланғаннан бері біз компанияның жетістігі оның қызметкерлерінің қолында дегенге шын жүректен сеніп келеміз. Сол себепті де кеңселерімізді Google қызметкерлері үшін де, ұжым үшін де жанға жайлы етіп жоспарлауды басты назарға қойдық. Gradient Canopy ғимаратында осындай "пайдаланушы бірінші болу керек" идеясы интерьерді ұйымдастыруға қолданатын үлкен дизайн идеяларынан орын табады. Мұнда үстелдер мен командалық орындар жоғарғы қабаттарда болса, іште орналасқан "ішкі алаңдар" сериясы оларды бірінші қабаттағы игіліктер бөлмелерімен байланыстырады, ол жерлерде жиналыс бөлмелері, ішкі алаңдар, бүкіл командаға арналған зал бар.
Екінші қабаттағы жұмыс орындары экологияны, бейімделгіштікті және жұмысқа назар қоюды есте ұстау арқылы жасалған. Жоғарғы қабаттың бәрі толықтай алдын ала зауыттан жасалған бөлмелерден, қабырғалардан және роликтегі жиһаздан тұрады. Осының арқасында оңай көше беруге болады, яғни мұндайда ешқандай қалдық шықпайды, өйткені бір материалды жаңаша конфигурацияда қолдана беруге болады. Бұл қабатта сондай-ақ ден қойып жұмыс істеуге арналған үлкен кеңістік бар, ал төменгі қабаттар күні бойы миды да, денені де демалтуға арналған орындар ұсынады.
Gradient Canopy ғимаратының бірінші қабатындағы ішкі алаңдар адамдардың басын қосып, бәрінің ашық, өнімді ортада жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Кәдімгі кеңселерде әртүрлі бағдарлама элементтері мен игіліктер бөлмелерінің жұмыс үстеліне арналған кеңістіктермен араласып жатқанын көресіз. Ашық баспалдағы бар барлығы 20 ішкі алаң екі қабатты байланыстырады, осылайша игіліктерді оңай пайдалануға мүмкіндік беріп қана қоймай, бірнеше мақсатқа арналған аймақ қызметін ұсынады: ұжымдар бірнеше реттік ыңғайлы орын ретінде пайдалана алады.
Қызметкерлердің барынша өнімді жұмыс істеуі үшін, ден қойып жұмыс істеу аймақтарын өте белсенді аймақтардан бөлуге көмектесуден бөлек, ішкі алаңдар басқа да табиғатқа жақын артықшылықтар ұсынады, осылайша Google қызметкерлері кез келген уақытта тыныға алады. Ең мықты дизайндар табиғат пен адам арасындағы терең байланысты көрсететінін білеміз, сол себепті адамдардың дамуы үшін, біз Gradient Canopy ғимаратына биофилиялық дизайн принциптерін кірістірдік. Биофилиялық дизайн табиғаттағыдай неше түрлі сезімді стимуляция жасайтын кеңістіктер ұсынады. Ішкі алаңдар қабаттар арасында қозғалудың психологиялық пайдасын алға тартуға көмектеседі: адамдар жаңа жолдарды көру арқылы ми нейрондарын қозғалтып, шығармашылығын ұшқындайды. Олар сондай-ақ күн жарығын жоғарғы терезелерден төменгі қабаттарға түсіруге көмектеседі, осылайша циркадалық жүйенің дұрыс болуына көмектеседі.